Шығыс Қазақстан облыстық Семейдің Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы драма театры

Тулеков Бауыржан – директор, ҚР Мәдениет қайраткері

Тулеков Бауыржан  – директор, ҚР Мәдениет қайраткері
Тулеков Бауыржан

Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы болып саналады. Оған дәлел, 1917 жылы Мұхтар Әуезовтың басшылығымен “Ойқұдық” жайлауында қойылған “Еңлік-Кебек” пьесасы қазақ еліндегі жаңа өнердің тұсаукесері болды. Бұл тарихи айғақталып, кезінде толық құпталған айтулы оқиға. Сол Ойқұдықта маздаған шоқ бүгін егеменді елдің өркендеген  өнеріне айналып, ұрпақ тәрбиесіне атсалысып келеді. 1920 жылдары құрамына әйгілі Әміре, Иса, Жұмат, Қалибек сынды майталман өнер иелерін топтастырған “Ес-Аймақ” театры, тек 1934 жылы ғана ресми түрде бекітілді.

Әрісі 94, берісі 77 жыл халыққа өнер көрсетіп, өнер тілі арқылы адамгершілік және эстетикалық тәрбие беріп келе жатқан театр, үлкен өнер -өмір, өмір - өнер жолынан өтті. Театр 77 жыл ішінде 300-ден астам спектакль қойып, жалпы саны 80 миллионға тарта көрермендерді қамтып, халыққа тәрбие беруде зор роль атқарды. 1934 жылы Ілияс Жансүгіровтың “Кек” пьесасымен шымылдығын ашқан театр, ондаған алыс-жақын шетел классиктерімен қатар, әлемдік драматургия дәрежесіндегі М.Әуезовтың, Ғ.Мүсіреповтың, Б.Майлиннің, Ғ.Мұстафиннің, Р.Ғамзатовтың, Ш.Айтматовтың шығармаларын сахнаға шығарды. “Еңлік - Кебек”, “Қаракөз”, “Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу”, “Айман - Шолпан”, “Бөлтірік бөрік астында” пьесалары театр репертуарының алтын қорына айналды. Осы жылдар ішінде театр қабырғасынан өнерге қанаттанған артистер бүкіл республика көлеміндегі барлық дерлік театрларда жемісті еңбек етті, әлі де еңбек етіп келеді.

Өнер ордасының, аға буын актерлер мен режиссерлардың озық дәстүрлерін бүгінде талантты артистер одан әрі жалғастыруда. Театрда үш Қазақстанның халық артисі: Күләш Сәкиева, Әбілқасым Жаңбырбаев, Бекен Имаханов; Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Шайзат Бахтинова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ноғайбаев, 13 Мәдениет қайраткері, барлығы 60 адам еңбек етіп келеді. Симфония оркестрі және балет артистері тобы бар. Театр классикалық шығармаларды музыкамен көркемдеп, балетпен ұштастыруға зор еңбек сіңіруде. Сондай-ақ театр жанында актерлар даярлайтын “Театр студиясы” жұмыс істейді. Аз уақыт ішінде студия жүздеген жас сахна шеберлерін тәрбиелеп, үлкен өнерге жолдама берді.

Театр Каирде өткен Халықаралық және Республикалық фестивальдердің лауреаты.

Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының 2011 жылғы қойған қойылымдары мен бағындырған белестері мен жеткен жетістіктері.
Жыл басында театр тарландарының тырнақ алды туындысы ретінде көзі қарақты көрермен қауымға жол тартқан алғашқы қойылым ол Ядролық полигонның жабылуына 20 жыл толуына орай арнайы қойылған Роза Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне” драмасы болатын. Қоюшы-режиссері Алматы қаласынан шақырылған Нұрлан Жұманиязов болғандықтан болар бұл қойылым әсерлі де, әдемі шықты. Оның үстіне қара халықтың қанша жылғы қайғы қасіретінің тамырын дөп басып, әртістер де, көрермен көзайымына айналды.

Тағы бір тамаша туынды қарулы қаламгер М.Сәрсекенің сәтті шыққан шығармасы “Тендірге түскен әйел” – деп аталады. Қоюшы-режиссері Қ.Рахметов. Отбасындағы от анасының тәлкеге түскен тағдыры және қазіргі қоғамның дерті әйел затының әлсіздігі, замананың запыран төккен ащы шындығын көрсеткен “Тендірге түскен әйел” талайға таңдай қақтырып тамаша бағаға ие болды

Сондай-ақ, ұлылар мекеніндегі біздің театрымыз қазақ театрларының ішінде болып шет елдің қандастарымызға да, қойылым қойып қуанттып қайтты. Атап айтсақ, Монғол Республикасының Ұлан-Батыр қаласында болып Әлімбек Оразбековтың “Бір түп алма ағашы” драмасымен өзге елде жүрген өзіміздің қаракөз қазақ бауырларымызбен қоса моңғолдардың да мақтанышына айналып, елшілік тарапынан құрмет грамотасына ие болды.

Сондай-ақ ҚХР-ның Үрімжі қаласында да ірі творчестволық сапарда болып, Ұйғыр автономиясының аймақтық үлкен газетінің алғашқы парағына жазылып алғыс алып қайтты.

Және мемлекетіміздің мерейлі мерекесі тұғырлы тәуелсіздігіміздің 20-жылдығы қарсаңында арнайы облыс әкімінің шақыртуымен Өскемен, Риддер қалаларында іссапарда болып, шырайлы шығыстың көрерменге шабыт силап қайттық. Сондай-ақ біздің театр ұжымы бал тілді балдырған көрермендерімізді де, ұмыт қалдырмай, тәтті ұйқыдан тұрған әр-түрлі жастағы балаларды ерекше ертегімен қарсы алып жатты. Сондай бір еркетайларға арналған ерекше ертегілердің бірі “Керқұла атты Кендебай” халық ертегісінің желісі бойынша жазылған А.Сапышевтың ертегісі болатын. Тұнып жатқан тарихқа толы ертегі кейіпкерін көрген кез келген қазақ баласының Кендебай болғысы келіп кеткені айдан анық және бұл ертегінің режиссері А.Нұрғамыс екенін де, айта кеткен жөн.

Жалпы, өнер ордасы үшін қоян жылы қаншама қойылымдар өмірге келіп, тамаша жаңаша туындылардың тұсауы кесілді. Ендеше ұйымшыл ұжыммен бірге келер жылдан да, күтеріміз көп.

Шәкәрім
Шәкәрім
Боранды бекет
Боранды бекет
Еңлік-Кебек
Еңлік-Кебек
Айман-Шолпан
Айман-Шолпан
Жарысқазан
Жарысқазан
Аршин Мал Алан
Аршин Мал Алан
Жындыханадан келген мейман
Жындыханадан келген мейман
Келіндер көтерілісі
Келіндер көтерілісі
Қысылғаннан қыз болдық
Қысылғаннан қыз болдық
Махаббат, қызық мол жылдар
Махаббат, қызық мол жылдар
Сотанай
Сотанай
Сотанай
Сотанай
Клеопатра
Клеопатра

Тулеков Бауыржан – директор, ҚР Мәдениет қайраткері

Театрдың шығармашылық құрамы:
1. Жуасбек Ербол - театрдың көркемдік жетекшісі
2. Муравьева Ольга Александровна  - бас суретші
3. Камбаров Жумабек Адильгазиевич - әдеби бөлімінің меңгерушісі, ҚР журналистер одағының мүшесі
4. Қартов Мерей -  әдеби бөлімінің меңгерушісі
5. Чинкебаева Нурбагила - труппа меңгерушісі  ҚР Мәдениет қайраткері
6. Обухова Елена Валерьевна – концертмейстер
7. Оспанова Кымбат Толеугазиевна – аудармашы-суфлер
8. Баядилова Салтанат Амангельдыевна – кадрлар инспекторы

Театр артистері:
1. Имаханов Бекен – ҚР халық артисі
2. Бахтинова Шайзат Сапаргажиевна – ҚР еңбек сіңірген артисі
3. Ногайбаев Болат Даретбаевич - ҚР еңбек сіңірген қайраткері
4. Сыдыков Мырзахан Демесинович – ҚР Мәдениет қайраткері
5. Манекина Айжан Базартаевна – ҚР Мәдениет қайраткері
6. Баирова Асем Баймурзиновна – ҚР Мәдениет қайраткері
7. Ашимбеков Сапарбек – ҚР Мәдениет қайраткері
8. Муханбетова Шолпан Аскаровна– ҚР Мәдениет қайраткері
9. Идрисова Даметкен – ҚР Мәдениет қайраткері
10. Толеуханова Рыспубе Ахметкалиевна
11. Бекбаева Сандибала Орткалиевна
12. Нұрғамыс Азамат Махмұтұлы
13. Ахметов Ерен Саменулы
14. Джунусова Жанна
15. Ташимбетов Айтбек Тазабекович
16. Божанов Кайрат Тойгазинович
17. Муратханова Назым Муратхановна
18. Омашев Бекзат Кайркешович
19. Бакимбаев Думан Есембаевич
20. Кабышева Динара Серикказыевна 
21.Сакиева Куляш Срымбетовна – ҚР халық артисі
22. Тоймбаева Бакыт Ахметжановна – ҚР Мәдениет қайраткері
23. Нурланова Асель Талгатовна
24. Асылбекова Асель Серикқызы
25. Токтаубаев Ерик Серикович
26. Хасенов Нуржан
27. Тураисов Тлекжан Калымжанович
28. Тулеков Бауыржан Халыкович – ҚР Мәдениет қайраткері
29. Жанбырбаев Абылкасым – ҚР халық артисі
30. Абдилденова Куляш Калымовна – ҚР Мәдениет қайраткері 
31. Дарменбаева Галия Казизовна
32. Тулекова Слушаш Нукеновна
33. Айтжанова Альмира Еркеновна

Оркестр артистері:
1. Омаров Муратбек Курманович
2. Ташкенбаев Нурбек Адамович
3. Жидебаева Умыт Жакуповна - ҚР Мәдениет қайраткері
4. Данильченко Леонид Павлович
5. Гурьев Виктор Валентинович
6. Рахимжанов Нариман Адылгазинович
7. Костина Елена Сергеевна
8. Толеубаев Талгат Ануарович
9. Пухов Борис Борисович
10. Тайменов Нурлан Мухаметжанович
11. Нурканова Айгерим Бекеновна

Оркестр театра им. Абая
Оркестр артистері

Балет артистері

Балет артистері
Балет артистері

ЖҮРІП ЖАТҚАН СПЕКТАКЛЬДЕР:

1. Ғ.Мүсірепов *Ақан сері - Ақтоқты* /трагедия/
2. Н.Гоголь *Ревизор*  /комедия/
3. М.Әуезов *Қаракөз* /трагедия/
4. Иран-Ғайып *Адасқан бақ құсы* /шер-шемен/
5. М. Әуезов *Еңлік-Кебек* /трагедия/
6. С.Жүнісов *Қысылғаннан қыз болдық* /комедия/
7. М.Сәрсекеев *Заңды неке* /комедия/
8. Ә.Нұршайықов *Махаббат, қызық мол жылдар* /драма/
9. С.Кенжеахметұлы *Жарысқазан* /комедия/
10. С.Ахмад *Келіндер көтерілісі* /комедия/
11. Ш.Айтматов *Боранды бекет* /драма/
12. Ө.Боранбаев *Сотанайдың соңғы үйленуі* /комедия/
13. З.Қыстаубайұлы *Арманның ақ шымылдығы* /драма/
14. Ж.Қамбаров *Тұманды таңда жоғалған бейне* /драма/
15. У.Ғаджибеков *Аршын-Малалан* /музыкалық комедия/
16. М.Әуезов *Айман-Шолпан* /музыкалық комедия/
17. Т.Ибрагимов *Жас Абай* /музыкалық драма/
18. М.Байджиев *Наз...* /драма/
19. Ә.Оразбеков *Бір түп алма ағашы* /драма/
20. Ғ.Мүсірепов *Қозы Көрпеш – Баян-сұлу* /трагедия/
21. Р.Отарбай *Ғасыр қасіреті* /драма/
22. А.Сапышев *Көкбөрі* /аңыз-ертегі/
23. Б.Әлімжанов *Қайран, кемпір, шалдар-ай* /комедия/
24. О.Бөкей *Өз отыңды өшірме* /драма/
25. С.Лобозеров *Жындыханадан келген мейман* /комедия/
26. Ш.Мұртаза *Домалақ-ана* /драма/
27. Е.Төлеубай *Таланған тағдыр* /драма/
28. Төкен Әлжан *Періштелер жерде ғұмыр кешпейді* /психологиялық драма/
29. Айбек Тлеухан *Мұзбалақ* /поэтикалық драма/
30. Рахымжан Отарбай “Мұстафа Шоқай” /драма/
31. Мерғали Ибраев *Шәкәрім* /екі бөлімді тарихи трагедия/

Copyright © 2008-2014
«Театр-сервис «Жаңалық» КМҚК